Эльмира Сәрсенбайқызы - Бағалым

Бағалым
Название: Бағалым
Автор:
Жанр: Стихи и поэзия
Серии: Нет данных
ISBN: Нет данных
Год: Не установлен
О чем книга "Бағалым"

Жас әрі дарынды ақын, халықаралық жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Эльмира Сәрсенбайқызының жаңа өлеңдер жинағы!

Бесплатно читать онлайн Бағалым


Редактор,директор,дизайнер Абзал Сламұлы Алтый


© Эльмира Сәрсенбайқызы, 2021


ISBN 978-5-0053-0939-6

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero


Жас ақын, филолог, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Эльмира Сәрсенбайқызы Есхожаева 1987 жылы 18- маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауыл аймағында дүниеге келген. Жастайынан өнерге құштар Эльмира бала күнінен өлең жазып, өлеңдері түрлі аудандық газеттерге ұсынылып отырған.

2015 жылы «Бір мұңым бар» атты электрондық жеке жыр жинағы шықты.

2017 жылы «Жүрекке жылы жүз өлең» электрондық жыр жинаққа көптеген өлеңдері іріктеліп алынды.

2018 жылы «Жауқазын гүлдегенде» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.

2019 жылдың қараша айында «Іңкәрім» өлеңдер жинағы жарыққа шықты.



Бағалым


Тағатым таусылып сағынып, аңсаудан,

Сіз үшін ақын боп жыр жазып, ән салғам.

Тағы да көшеге шықтым бір үмітпен,

Шығар ма деп сізді күлімдеп қарсы алдан.


Маңайым көп адам, қозғалыс көлденең,

Таңырқай қараймын қарбалас елге мен.

Ұқсатқан екем ғой, тағы да сіз емес,

Ең алғаш кездескен жерге мен келген ем.


Көздерім іздейді… әлі де қарап тұр,

Таяуда келмейсіз… таусылды тағат құр.

Сағыныш сезімін өлеңге қосып ап,

Осылай жырлайды екен ғой әр автор.


Дәрменсіз күй кешіп, көңілді жүдеттім,

Суықтан өн бойым тоңды ма… дір еттім.

Сізден бір смс келіпті… алақай,

Шаттанып, жаураған жүрекке гүл ектім…


«Қарақат көзім- ау, сағынам, үздігем,

Сен үшін сүйем ғой көңілсіз күзді мен, —

дегенді жазыпсыз, күткенім осы еді,

Сол үшін бағалап өтемін сізді мен…


Бағалым

Үндемейсіз, үнсіздік пе досыңыз,
Болмай жүр ме әлде көңіл- хошыңыз?
Жау көрердей не жазып ем сізге мен,
Мұндай күйге қашан түстік осы біз?
Қаламайсыз, тағы үнсіздік арада,
Тұз сепкендей онсыз да ауыр жараға.
Бір ашылып сөйлемейсіз қырсығып,
Қайтсем екен, сізді мынау, жан аға?
Сезім жатыр арамызда… іркілген,
Көкте Күн де арылмады- ау күркірден.
Жек көрді ме, бәлкім, бізді бұл өмір,
Көп көрді ме, кезімізді бір күлген?
Бақытты сәт өтті талай бізде көп,
Жалын еді- ау, сөнбейтұғын біздегі от.
Мен бе, бәрін аңдаусызда бүлдірген,
Көрінбестей үнсіз кеткен сіз бе, жоқ?
«Келеді әлі» дейді бір кез үмітім,
Ал, түйсігім «жалған» дейді мұны тым.
Солай, солай күндер зулап өтуде,
Күтуменен жолға қарай күні- түн.
Бүгін тағы жылап алдым, не етейін,
Жылап тұрып, сырымды айтып кетейін.
Сізге деген сағынышын баса алмай,
Тілім- тілім шерге толды көкейім.
Махаббаттың білемісіз, көркі не,
Жылау… шыдау мұң- қасірет, дертіне.
Сағыныштың сары алқасын іліп ап,
Күйіп, тіпті, жанып кету өртіне.
Жараландым, білемісіз, аға, мың,
Бір ашылмай қойды- ау бүгін қабағым.
Кім не айтса, айта берсін, бәрібір,
Мен сүйген жан өзіңізсіз, Бағалым!
Ақын жаны

Оратылып жатқанда дала мұңға,

Қара күздің қаяу бар қабағында.

Біртүрлілеу бір өксік тіреліп тұр,

Ақынның жүрегі мен жанарында.


Сыр шертті демеші оны өлеңіне,

Өлеңінің қара үңіліп, тереңіне!

Жылап жатса бір ақын сұрама да,

«Себебі не» дей көрме… керегі не?


Жақынының көп көріп қиянатын,

Жанарынан ащы жас жиі ағатын.

Ғашық болса біреуге, таңырқама,

Ақында да жүрек бар сүйе алатын.


Жұмбақтау шығар елге, не сіз үшін,

Ақынның жаны нәзік, негізі шын.

Ақынды жақсы көру жақсы шығар,

Ал, оның жанын ұқсаң… егізісің!!!


Эльмира Сәрсенбайқызы


– Ой иірімі

– Тағы атты таң,

– күңгірт қала, боз дала,

– Ағаштар тұр сыбыр- сыбыр қозғала.

– Ақ қар түсіп, қайта еріп жоқ болды,

– Шаттық сыйлап көңілдерге аз ғана…

– Жарық әлем,

– жарық дүние, жарық күн,

– Бірақ, бүгін неге екенін… жабықтым.

– Сағыныштан сары моншақ тақтырған,

– Сары ала күз екендігін тағы ұқтым…

– Жұмбақ сезім,

– жұмбақ көңіл, жұмбақ жан,

– Жырын арнап келетұғын күнде ақшам.

– Өкпелетіп қойдым ба екен, сірә, мен,

– Түсінбестен сырын келіп түнде ашқан…

– Алаң көңіл,

– жалаң өмір, алдамшы,

– Мұңды өлең… ескі әніне салды әнші.

– Құр сөзге құлазымай, ей, көңіл,

– Жылы сөзге тым болмаса, алданшы…

– Жаным деймін,

– бағым деймін, жан деймін,

– Таптырсаң да, бір басыма нендей мұң.

– Ақын болып тумасам да, жырыммен,

– Ақындарша жан- жараңды емдеймін…

– Сездің білем,

– сездім мен де, түсінем,

– Махаббаттың қорықпа дедің күшінен.

– Жұрт сөзіне қайтем босқа елеңдеп,

– Көре алғандар көріп жүр ғой, ісімнен…

– Тылсым әуен,

– күлсін әлем, Күн жайнап,

– Күнде, сірә, бола бермес мұндай бақ.

– Күлімдейік, жүзімізде күлкі ойнап,

– Көңілдерді тұрса- дағы мұң жайлап…

3. Өлең жазам…


Жырға толып тұрған шақта көмейім,

Шашылып бір жырдан жақұт төгейін.

Бұл ақындық- маған келген дара жол,

Осы жолда тасып- толар мерейім…


Ойрандалып ойым қалмас, тәйірі,

Жыр төгілсе, «ақын» атқа сай, ірі.

Жаратқанның қолдауынсыз әй, бірақ,

Болар дейсің, қайбір істің қайыры???


Күмбірлетіп, сазды әуенді күйлетіп,

Қызыл тілді сатыр- сұтыр сөйлетіп.

Жақсыларды тамсандырып бір сәтте,

Жамандардың «жаман ойын» күйретіп…


Күншілдердің үнін басып күндеген,

Міншілдердің мінін басып жырменен.

Сонау белден титтей сәуле көрінсе,

Сол сәулені мен шығатын шың дегем…


Шаң жуытпай жүрген әрбір жолыма,

Сынай қарап оңым менен солыма.

Жаратқанға бір сыйынып алам да,

Мықтап ұстап қағаз- қалам қолыма…


Өлең жазып, күллі әлемді таң қылам,

Шөлдегеннің шөлін жырмен қандырам.

«Шіркін- ай» деп тамсандырып елімді,

Дұшпанымның ішін өртеп, жандырам…


Дүр сілкінтіп, он сегіз мың ғаламды,

Мен де бір күн көрсетермін шамамды.

Бүгін, ертең болмаса да… бір күні,

Өлең жазам елге ұнарлық, жарамды!!!


Ал, содан соң қос бақытым әкем мен,

Өлең жазам қоса жырлап анамды!


– Ақын ойы

– Жаңылдым ба, сірә, мен есебімнен,

– Бүгінгі күн тым ауыр кешегімнен.

– Көз іліне бастаса түнде осылай,

– Шошып, тұрып кетемін төсегімнен…

– Қара түннің пердесін ашып тағы,

– Көңілім тұр алаңдап, жасып хәлі.

– Жарқ етті де, бір жұлдыз әні сөнді,

– Әлдекімнің кеткендей қашып бағы.

– Суық самал тоңдырып өне бойды,

– Кенеттен бір қара бұлт төне қойды.

– Тырс- тырс етіп жауынның

– ..ақ тамшысы,

– Ұрлады кеп мендегі «өлең- ойды».

– Сиқыр сезім арбайды кейде мені,

– Көк теңізге батырады ой- кемені.

– Нені танып- біліп мен осы күні,

– Нені ұға алмадым, ә, кейде нені?

– Қара шашын таранып қара түнім,

– Дегендей, «мен келдім, ал, ақыным».

– Кеш қарайса, мөлдір мұң тұсап алып,

– Әдетім ғой, мұңға батып қалатыным.

– Көзді жұмсам, не сезіп, не көремін,

– Жанға жақын бұл күнде тек өлеңім.

– Мейлі бақсыз, бақытсыз боп өтейін,

– Өлсем, бірақ «өлеңім» деп өлемін…

– Қара қыздан қара өлең

– Бүгін сондай көңілдімін, ей, пенде,

– Меніменен қуанып тұр кең дала!

– Шатқа толы сезім тулап кеудемде,

– Жоғалғандай жүректегі шер- нала.

– Қолым созып аспандағы Айға мен,

– Текке өткізіп жүріппін- ау уақытты.

– Құрып алып өз өзімнен қайғы әлем,

– Байқамаппын басымдағы бақытты.

– Болмашыға жүрегімді мұң жайлап,

– Тарылғандай болушы еді тынысым.

– «Тағдыр- ағай» өз дегенін ыңғайлап,

– Сыйлай берді одан сайын ұлы сын.

– Мұңнан соғып әлемімнің қақпасын,


С этой книгой читают
В этой книге собраны стихи замечательного поэта-лирика, поэта-прозаика, он пишет и о любви, и о природе, о стихах, много стихов религиозной лирикой, гражданской лирикой, о поэтах-шестидесятниках, таких, как А. А. Вознесенский, Р. И. Рождественский, Б. А. Ахмадулина, Е. А. Евтушенко, В. С. Высоцкий, наш классик С. А. Есенин, В. В. Маяковский, а также философская лирика. С. Н. Поздняков начал писать стихи ещё в XX веке, в конце, а продолжает писать
Этот цикл возвращает в поэзию знаменитый образ. Искусство, как смысл существования. Искусство, как высшее предназначение творца. Поэзия – сама башня. Поэт – ее заключенный. Искусство ради искусства. Молодой поэт оценивает творчество его предшественников, современников, собственное творчество. Однако центральный и важнейший для автора образ – слово. Великое, вечное. Рассуждениям о нем, о его судьбе и назначении и посвящен этот цикл.
Сборник стихотворений, объединённых одной тематикой, которую можно отнести к философской лирике.
В сборник вошло более 150 произведений, созданных в период с 2010 по 2018 годы. Любовь и расставание, полет и падение, жизнь и смерть, развитие и увядание – нашли свое отражение в творчестве поэта. Вы готовы?
Лолите Тереховой не повезло с самого начала – ее родной папаша так хотел сына, что не смог смириться с рождением дочери. Ко дню выписки жены из роддома его из дома как ветром сдуло. Мать Лолиты тяжело заболела, и волею судьбы малютка попала на воспитание к скандально известной актрисе. Прошли годы, неординарная девочка выросла и, имея исключительную наблюдательность и острый ум, научилась находить выход из самых запутанных жизненных ситуаций и ре
Настоящие материалы подготовлены в связи с 200-летней годовщиной рождения великого русского поэта М. Ю. Лермонтова, которая празднуется в 2014 году.Условно книгу можно разделить на две части: первая часть содержит описание дуэлей Лермонтова, а вторая – краткие пояснения к впервые издаваемому на русском языке Дуэльному кодексу де Шатовильяра.
Мне нужен был помощник в опасной миссии. А кто лучше справится с этой задачей, чем тот, кого я спасла из рабства? Но я же женщина! Когда я иду за покупками, это всегда заканчивается непредсказуемо...
Легко ли быть последней из рода? Скрывать свой дар и опасаться преследования? Марилиса сар Борейская давно поняла, что жизнь - штука сложная, и если хочешь выжить, нельзя доверять никому. Но как быть, если в Академии Магического Познания, где она преподаёт изобразительное искусство, неожиданно объявился тайный поклонник? Как поступить, когда начинают умирать студентки? И что делать, когда магистр боевой магии неожиданно обращает на тебя внимание?