Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Название: Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Автор:
Жанр: Историческая литература
Серии: Нет данных
ISBN: Нет данных
Год: Не установлен
О чем книга "Ел Шоңы. Бесінді. III кітап"

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Бесплатно читать онлайн Ел Шоңы. Бесінді. III кітап


Дизайнер обложки Анна Семенова


© Қанат Жойқынбектегі, 2021

© Анна Семенова, дизайн обложки, 2021


ISBN 978-5-0055-4949-5 (т. 3)

ISBN 978-5-0055-4948-8

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Арқадан – Алатауға

Шоңның Ақмоладан келіп отырғанына үш күн ғана өткенде, қасында жеті-сегіз болысы бар, Карбышев келе қалды. Шоң бұл келістің себебін білмеді. Сұраған да жоқ. Бар айтқаны:

– Жолдарыңыз болсын! – деді.

– Біз оңтүстікке жүріп барамыз, Верныйға. Сонда Түркістан генерал—губернаторы бір жиналыс өткізетін көрінеді. Соған барамыз. Шоң Телқозинович, сіз де бізбен бірге жүресіз, – деді Карбышев. Бұдан басқа түк айтқан жоқ. Содан сол күні Шоң үйіне қонып, ертеңіне Шоңды ертіп, олар әрі қарай жүріп кеткен.

Бәрі салт атты болатын. Шоң да бір жүйрік, жорға атына мінген еді. Былай шыққан соң Шоң Карбышевтің не шаруамен бара жатқанын басқа болыстардан оңашалап сұраған еді. Ол айтқан, Омбыдан генерал-губер- натор Хриситан Густавичтен хат келді. «Ол жаққа мен де баруым керек еді, денсаулығыма байланысты бара алмайтын. Верныйға Түркістан генерал-губернаторы Кауфман келеді. Сонымен жолығасың деді. Соған жеті-сегіз таңдаулы болыстарды ертіп алып бар» деп қана жазыпты. Мен мыналарға айтқам жоқ, бірақ саған айтайын, Жетісуға көшіп барған казактарға жүйрік аттар керек көрінеді. Көп болып соны жинап беріңдер дейді. Мыналар естімей-ақ қойсын. Барған соң генерал-губернатордың өз аузынан естісін, саған ғана айтып тұрмын. Шоңның есінде, баяғыда бес-алты жастағы бала кезінде бір топ казак-орыс әскерлері шығып, Нұра бойында тұрған елден, жүйрік аттарын тартып алған еді. Ол есте қалыпты. Енді мынадай жасағалы отыр. Күш көрсетпей, өздерінен сұрап алмақшы. Шоң бұған қуанып қалды. Патша саясатында қазақтарға деген бір өзгеріс болғанын білгендей болды.

Мына ояздың айтуына қарағанда, күшпен емес, болыстармен ақылдасып сұрап отырғанын білгенде, Шоң көңілінде бұған бір ризалық пайда болды. Бәрібір алады екен, елді дүрліктіріп жүргенше осынысы дұрыс деп білген. Патшаның айтуымен, генерал-губернатор тілек етті дейді. Мұнысы қазақтармен де санаса бастағаны екен деп түсінген.

Олар Қараағаштан шыққаннан кейін Ақтау маңайында отырған Сайдалылардан бір тамақтанып алып әрі қарай жүріп кеткен еді. Күн бесіндіктен асып бара жатқан шақ болатын. Оңтүстіктен үйіріліп келіп, катты жауын құйып кетті. Бұларды бастап келе жатқан казак-орыстан Карбышев алда қандай ауыл бар екенін сұраған еді. Ол бұл жақтың жолын жақсы біледі екен: «Бұл маңда ел аз отырады. Алдымызда тек киргиздардың Шұбыртпалы деген рулары ғана тұрады». Шұбыртпалылықтар атын естігенде Карбышев елең ете қалды: «Олар әлгі Ағыбайдың туысқандары емес пе?»

– Дәл өзі! – деді казак.

– Олар біздің нағыз жау ғой, – деді Карбышев. Ағыбайды екі баласын тұтқындатып Сібірге айдатып жібергені есіне түскен болуы керек, – ендеше осы бойымызбен жүре берейік, – деді.

Шоң алдында Қояншы-Тағайдың болысы Аянның тілегі бойынша Омбыдағы генерал-губернаторға хат жазып, одан ешқандай жауап болмаған соң, қойған еді. Содан кейін Санкт-Петербургтен келген Карповтың досы Лавровқа Ағыбай балаларын тұтқындап алып кеткенін, оның екі халық арасында реніш туғызудан басқа ешқандай пайдасы жоқ екенін айтқан. Ол адам талап қылып көремін деп уәде етіп кеткен. Ағыбайдың екі баласы сол Лавровтың арқасында босанғанын Шоңның іші сезетін. Алайда, бұл іске Лавровтың араласқанын Карбышев білмейтін. Ағыбай балалары босатылып келгенде ояз таң қалған еді. Карбышев губернатордың емес, патша маңайындағылардың нұсқауымен босанғанын естігенде, түк жасай алмай қойған. Қазір Шұбыртпалылар аулы дегенде қатты қорқып кетті.

– Мен Шұбыртпалылар аулына қонбаймын. Олар маған бір қастандық жасауы мүмікін. Әрі қарай жүре берейік, – деді ояз.

Қасындағы жол бастап келе жатқан казак-орыс айтты: «Анау Балқашқа дейін тұратын осы Шұбыртпалылар, солардың бірінің үйіне қону керек. Мына қатты жауында бұлай жүре беруге болмайды». Казак-орыстың сөзіне қосылып Шоң айтқан:

– Семен Иванович, Ағыбай балаларының үйіне қонбаймыз. Шұбыртпалылар үлкен ел. Солдардың бірінікіне барып қонамыз. – Мына сөзден кейін Карбышев тынышталғандай болды.

Ымырт жабылғалы әлдеқашан. Жауын тіптен күшейе түскен еді. Қарсыдан қарауытып көрінген киіз үй қасына келіп тоқтады бұлар. Бәрі үйге кірді. Бұл Ағыбайдың үлкен баласы Аманжолдың үйі екен. Шоңды көріп орнынан ұшып тұрып келіп, қолын берді. Өткен жолы Қояншы-Тағайлардың болысымен келгенде Шоңмен танысып қалған. Сол таныстығын көрсетіп, қолын беріп тұр еді.

Бұрын Ақтау болысында істеген казак-орыс Аманжолды танып Карбышевке айтқан еді сол арада. Ол бұны естіп қатты ашуланды. Әлгі амандасуынан кейін Шоң әдейі әкеп отырғандай көрді. Карбышев орысшалап айтқан:

– Мен бұл үйде жата алмаймын. Басқа үйге барып жатайық.

– Осы маңайдағы ауылдың бәрі Ағыбайдың туыстары. Түн ішінде қайда барамыз, – деді Шоң. – Бәрібір білді. Осы үйге жатайық.

– Ендеше, Ағыбай баласын тұтқындап барып жатамын.

Мына сөзді естіп Шоң сасып қалды.

– Семен Иванович, үй йессін тұтқындап үйінде қалай жатамыз?

– Мені өлтіріп тастаса, сен жауап бересің бе, Шоң Телқозинович?..

– Қандай дұшпан болса да үйіне келіп қонған адамға қазақ ешқашан қастандық жасамайды. Қанына сіңген тәртіп бар сондай.

Карбышев отырып Шоңға айтқан:

– Ендеше, сен бұларға менің Ақмола уезінің бастығы екенімді айтпа!

Шоң бұған келіскен еді. Ағыбайдың балалары әкесіне тартқан тентек екенін білетін. Бұл оязға бірдеңе жасап қоя ма деп, өзі де қауіптеніп отыр еді. Бірақ Шоң ол күйін сездірген жоқ. Карбышевті қасына алып, төрге отырды.

Аманжол үйінің адамдары жандары қалмай күтті. Тамақтарын берді. Карбышев жатқанда қасына Шоңды, бір жағынан жол бастаушы казакты, аяқ жағынан бір солдатты жатқызған еді. Есікке екі әскери адамнан күзет қойып ұйықтаған. Ағыбай баласы көрші үйде жатқан. Ешқандай Карбышев ойлағандай жағдай болған жоқ. Шоңдар таңертең тұрғанда Аманжол Шоңға айтқан:

– Мен тұтқында болғанда біраз орысша үйрендім. Кеше сізбен мына адамның сөзінен Ақмола уезінің бастығы екенін білдім. Бұл баяғы Кенесарының қолынан өлген есаулдың баласы ғой. Бұл сол үшін інім екеумізді Сібірге айдатып жіберді. Соғысса әкелерім соғысты. Біз әкеміз соғысқа аттанар алдында ғана туғанбыз. Біздің қандай кінәміз бар?

Мына сөзді естіп, Карбышев не айтарын білмей қалды. Кінәсін мойындағандай, үнсіз отырып қалған.

– Аманжол, сен бәрін ұмыт. Бұл кісі де әдейі сендерді Сібірге жіберген жоқ. Сол кезде тәртіп солай болған. Сен оны көңіліңе алма. – Содан кейін Шоң сөзін Карбышевке арнап сөйледі. – Семен Иванович, сіз де өткенді ұмытыңыз. Сіздің әкеңіз бен Ағыбай бір-біріне жау болған жоқ. Оларды жау еткен сол кездегі жағдай, саясат. Өткен шаруаны қоздыра беру қажет емес. Оның екеуіңізге де пайдасы жоқ. Қолдарыңызды алыңыздар деді.


С этой книгой читают
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор
The people of Haiti have gone through a difficult path to independence, for national sovereignty. But the struggle continues to this day. The former metropolis, France, refuses to compensate for the damage caused to the country by its colonial policy. In 1825, the people of Haiti had to pay Paris a huge ransom for the French to recognize its independence, which led the state into poverty, said Haitian leader Edgar Leblanc Fil at a meeting of the
В книге «Османская империя: Век величия и упадка» можно узнать, как развивалась империя с самого начала и до упадка. Автор рассказывает о важных этапах истории: завоеваниях, культурных достижениях и политических реформах.Он объясняет, как политика Османской империи влияла на соседние страны и народы. Также автор говорит о внутренних противоречиях, которые привели к распаду империи.Книга будет полезна и всем, кто интересуется историей Османской им
Книга о жизни девочки в годы Советской власти и во время Великой Отечественной войны. Повесть дает возможность читателям узнать о жизни людей вовремя коллективизации, репрессий и второй мировой войны. Книга написана в форме воспоминаний, о времени, когда помощь и взаимовыручка людей, объединенных общей всенародной бедой, помогала выживать в труднейших обстоятельствах.
Праздник Рождества заимствован из дохристианских культов «умирающих и воскресающих» богов ежегодно праздновавших приуроченное к периоду зимнего солнцестояния 21—25 декабря. Христианство первых веков не знало этого праздника, так как в Римском государстве праздновался в дни зимнего солнцестояния праздник «Непобедимого Солнца». С середины IV века христианство восприняло у древнеиранского культа Митры, зародившийся в Южном Урале, превратив его в пра
Политическое сердце России и географический её центр абсолютно не совпадают. Вот и пришлось Георгу-Вильгельму Рихману и Михайло Васильевичу Ломоносову тащить Разлучитель Хроноса на берега Тунгуски…
Директор крупного промышленного предприятия Аркадий Семенович Кременчук взялся как-то мыть руки и заметил на тыльной стороне правой руки синенькое пятнышко. Дня через два это не пятнышко уже было, а кругляшок. Старый профессор сказал ему, что это никакой не рак, а след от старой татуировки. Вскоре на запястье у него расположился морской якорь, повитый ленточкой славы. А на руке появилась девичья головка с надписью Галя. Жена покинула Аркадия Семе
Эта прекрасная книга поэта-фронтовика Якова Лазаревича Акима состоит из трех разделов. В первом разделе – лучшие стихи для детей. Второй раздел – сказки в стихах «Песенка в лесу» и «Девочка и лев», по которым были созданы замечательные мультфильмы. Третий раздел – это необыкновенно увлекательная сказка «Учитель Так-Так и его разноцветная школа».Открывается книга предисловием критика Владимира Александрова.
Если вы устали плыть по течению и хотите изменить жизнь – начните прямо сейчас! Автор книги, известный психолог Константин Довлатов разработал уникальную методику, которая преобразит вашу жизнь, – «Духовную интеграционику».Методика запускает скрытые ресурсы и способности, благодаря которым вы начинаете принимать правильные решения, привлекать нужных людей, ваше самочувствие улучшается, все складывается удачно, как бы само собой. Изменения происхо