Мао Сяо - Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб

Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб
Название: Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб
Автор:
Жанры: Сказки | Зарубежные детские книги
Серии: Нет данных
ISBN: Нет данных
Год: 2025
О чем книга "Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб"

Кітапта автор ежелгі қытай аңыздарына сүйене отырып, қазіргі заман талабына сай ертегілерді баяндайды. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасы балаларға арналған оқиғаларды баяндап қана қоймай, сонымен қатар кішкентайларға ертегі арқылы негізгі құндылықтарды жеткізуге назар аудартады.

Бұл кітапқа «Шуху», «Үлкен краб», «Хэло балық», «Цяочуй», «Тұт ағашы» және «Өгіз» атты ертегілер топтастырылған.

Кітап ертегісүйер кішкентай оқырмандарға, сондай-ақ қытай халық аңыздарына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналады.

Бесплатно читать онлайн Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб


АЛҒЫ СӨЗ


Сяо Мао ұстаз өзім ұнататын балалар әдебиеті жазушыларының бірі. Ол маған «Балалықтың фотосуреттері», «Күндіз қандай болады?», «Шабарман» сынды бірнеше шығармасын ұсынып еді. Мен оларды Weibo-ның «Балалар кітабы» сайтына шығарғанмын. Сяо Мао маған сыйлаған әрбір кітабына «Балалар оқуы – барлық оқудың негізі», «Жұмыр басты пенденің бәрі махаббат пен арман қуған тұлпарлар», «Қызықты кітаптар оқып, көңілді адам болайық» және т.б. нақыл сөздерімен қолтаңба жазып беріп отырды. Оның әдеби шығармашылығы мен оқу туралы ойларын осыдан толық байқауға болады.

Жақында «Минтянь» баспасының редакторы Сяо Мао мырзаның жаңа кітабының баспадан шығатыны туралы айтып, менің сол кітапқа алғы сөз жазып беруімді өтінген болатын. Мен кітаптың «Тау мен теңіз ертегілері» деген ерекше атауын естігенде, қауырт жұмысымды қайырып қойып, бірден келісімімді бердім.

«Таулар мен теңіздердің классикасы» (Шань хай цзин) – Қытайдың Цинь дәуіріне дейін жазылған ежелгі кітабы, еңбекте негізінен география, табиғат байлықтары, наным-сенімдер, бақсылық пен мифтер, сондай-ақ ежелгі тарих, медицина, әдет-ғұрып, халықтар, т.б. туралы мағлұматтар топталған. «Таулар мен теңіздердің классикасы», «Теңізді толтырған Цзинвэй», «Күнді қуған Куафу» сияқты таныс мифтер мен әңгімелер ғана емес, сонымен бірге кітапта біз көп біле бермейтін тамаша таулар мен өзендер, сиқырлы жаратылыстар туралы айтылады.

«Таулар мен теңіздердің классикасы» көне тарих пен географияны, жергілікті ерекше өнімдерді зерттеуге мол деректер береді. Сондай-ақ кітапта сөз болған фантазиялық сипаттағы, таңғажайып миф-аңыз ертегілер әдеби шығармашылыққа құнды элементтер беретін кеніш саналады. Ол балалар әдебиеті шығармашылығы үшін де үлкен мүмкіндік бере алады. Қазіргі заманғы қытай әдебиетшілері «Таулар мен теңіздердің классикасындағы» жер-су атаулары, өсімдіктер, құбыжықтар сияқты өкілдік элементтерге негізделе отырып, оларды әдеби туындыларға айналдыру сынды жаңғырту жұмысын жүргізіп келеді. Жақында Қытайда жарық көрген «Қайта оралған батыр» және «Құбыжық аңдар» дейтін танымал екі фильм де «Таулар мен теңіздердің классикасы» атты шығарма мазмұны негізінде жазылғанын білеміз.

Сяо Мао ертегілерінде «Сяо Маоның өзіне тән ерекшеліктері бар» деген пікірді жиі естиміз. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасына келер болсақ, одан да сол ерекшеліктерді кездестіреміз.

«Таулар мен теңіздер классикасы» Сяо Маоның хоббиі делінеді. Ол «Таулар мен теңіздер классикасының» көптеген нұсқасын жинап, сақтап келеді. Демек, ондағы мәтін мен иллюстрациялар оған үлкен ой салып, шығармашылық шабыт сыйлағаны даусыз. Сяо Мао «Таулар мен теңіздер классикасын» дәстүрлі мәдениеттің мәйегі деп санайды. Қазіргі кезде ол соны пайдаланып, кәдеге жаратып отыр. Автор Қытай балаларының қазіргі шынайы өмірін «Тау мен теңіз ертегілеріндегі» қиялмен тығыз қабыстырып, шындық пен фантастиканы, бүгінгі өмір мен көне дәстүрді, классика мен заманауи стильді біріктіріп, жаңа ертегілер құрастырды. Оның бұл шығармашылық қадамы бізді қуантып отыр.

Мысалы, Сяо Мао «Таулар мен теңіздер классикасында» айтылатын башэ (bаshе)1 пілді жеп, сүйегін бірнеше жылдан кейін шығарып тастайды деген аңызды негіз ете отырып, үш жылан туралы ертегі құрастырып шықты: онда Вэйвэй деген кішкентай башэнің И-имен үйленіп, өздігінен жүріп-тұра алмай қалған кәрі башэге қамқор болғаны баяндалады. Кәрі башэ өлер алдында оларға «піл жемеңдер» деп өсиет айтып кетеді. Кішкентай башэ оның өсиетін тыңдамай, пілді жұтып қояды. Бұл қызықты оқиға желісіне құрылған шағын ғана ертегі болғанымен, онда терең философиялық ой мен үлкен мән жатыр.

Айта кету керек, «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасы балаларға арналған оқиғаларды баяндап қана қоймайды, сонымен қатар балаларға ертегі арқылы негізгі құндылықтарды жеткізуге назар аудартады. Ертегілерде ақиқат, ізгілік, сұлулық ұғымдары өте тамаша тоғысқан. Мысалы, «Отшашар» деген ертегіде әкесі отшашарға «Сен киіміңді, шұлығыңды, аяқ киіміңді түгел шешіп жалаңаштанып, құралсыз, тамақсыз табиғат аясына барып, ағаш пен шөпті қорек етіп, жабайы аңдармен (егер жабайы аңдар болса) дос бол» дей отырып, оған табиғатпен үнемі байланыста болу керек екенін ескертіп отырады. Сяо Мао осы арқылы балалардың табиғатқа етене жақын өскенін, «табиғат тапшылығы бұзылуы» синдромынан зардап шекпесе екен деген арман-тілегін білдіреді. Тағы бір мысал ретінде көрсетер болсақ: Сяо Мао өзінің «Хужэнь» деген ертегісінде «Қиял, мейірімділік, әділеттілік, жаратылыс, уақыт… таңғы шық, шырт ұйқыда көрген түс, гүлдердің жұпар иісі… осылардың бәрі-бәрін ешкім бағаламайтын деңгейге жетті. Бұл адамды қатты алаңдатады және ой салады» деген сөздерді әженің аузына салып береді.

Балалардың қытай дәстүрлі мәдениетіне деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Ежелгі қытай классикасының шығармашылық трансформациясы мен инновациялық дамуын қалай жүзеге асыруға болады? Бұл жағында Сяо Мао пайдалы әрекет жасады. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасына енген ертегілер ежелгі қытай халқының ғажайып қиялына мұра ету негізінде оны жаңғыртып отыр. Бұл автордың дәстүрлі қытай мәдениетіне деген құрметі. Бұдан автордың Қытайдың дәстүрлі мәдениетін шығармашылық жолмен трансформациялауы мен инновациялық дамытуға деген ерік-жігерін көруге болады. Қытайда ежелден бар тақырыпты жаңғыртудың өзі балалар әдебиетіне қажетті кеніш болып саналады.


Чжу Юнсинь,

Қытай білім беру ассоциациясының вице-президенті, Қытайдың білім беру саласындағы жаңа оқу экспериментінің негізін қалаушы, Сучжоу университетінің профессоры

Шуху


Әлем пайда болмай тұрып, Оңтүстік Қытай теңізінде (Нанхай) Аспан императоры болған…

«Әлем» деп, мен осы өзіміз өмір сүріп жатқан әлемді айтамын. Бұл әлем пайда болмай тұрған кезге дейін де Оңтүстік Қытай теңізі болған. Ол біз қазір айтып отырған Оңтүстік Қытай теңізі емес, бірақ ол да оңтүстікте болған. Сол теңізде Шу деген Аспан императоры өмір сүріпті.

Бейхайда да (Солтүстік Қытай теңізі) Ху есімді Аспан императоры болыпты. Шу мен Ху дос екен. Ол кезде Аспан императоры – олардың да шаруасы көп болмаған екен.

Шу Худы іздеп жиі келеді екен. Ху да Шуға жиі барып тұрыпты. Олардың бірі Оңтүстік теңізде, бірі Солтүстік теңізде тұрады. Екі теңіздің арасы өте алыс болыпты. Бірақ олар үшін көп уақыт кетпейді. Олар көзді ашып-жұмғанша кезігіп, жолығып тұрады. Олар бір-біріне әне-міне дегенше жетіп барады екен.

Қазіргі кезде Шуху2 дегенің «көзі ашып-жұмғанша, кенет және шапшаң» деген мағына береді. Ал олардың уақытты қалай қысқартқанын менің өзім де білмеймін. Кейбір адамдар олардың көлік құралдары өте дамыған деп болжайды. Мысалы, олардың көлігі айдаһар, бұлт болуы мүмкін. Яғни «Батысқа саяхат» романының басты кейіпкері Маймыл патшасы Сун Вуконгтің бұлтқа қалай ұшуды білгені сияқты деп ойлайды. Бұл пікірдің ешбір негізі жоқ. Ал кейбіреулер олар Аспан императоры болғандықтан, оларда «ерекше қабілет» болады, яғни ұша алады, көзге көрінбейді, жерді кішірейте алады деп ойлайды. Мұның да негізі жоқ. Олар император болғанымен, шын мәнінде, қарапайым адамнан еш айырмашылығы жоқ. Жолда жалғыз жүреді, қасында нөкерлері болмайды. Бірақ олардың жылдамдығына шек келтіре алмайсың. Өте шапшаң, зу етіп жетіп келеді. Ешбір себебі жоқ.


С этой книгой читают
Бұл кітапта Қытайдың ежелгі аңыздары бүгінгі заман талабына сай, жаңа нұсқада көркемдік тілмен баяндалған. Автор балалардың қазіргі шынайы өмірін қиялмен тығыз қабыстырып, шындық пен фантастиканы, қазіргі өмір мен көне дәстүрді, классика мен заманауи стильді біріктіріп, жаңа ертегілер құрастырған.«Тау мен теңіз ертегілері. Юйминь елі» кітабында «Цинфу», «Бо-и», «Отшашар», «Юйминь елі», «Фэн Бо үңгірі», «Тулибэн» деген алты ертегі топтастырылған.К
Бұл кітапта автор қытайлықтарға тән ежелгі ертегілерді жаңаша құрастырып, жаһандық тақырыптарды кеңінен қозғайды. Ертегі фантастикалық әрі өміршеңдікке ие, сонымен қатар қызықты оқиғаларға бай. Ертегі заман талабына сай жаңа нұсқада көркемдік тілмен баяндалған.«Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық» кітабында «Желаяқ Шухай», «Мигоухуа гүлі», «Ергежейлі», «Отқоректі құбыжық», «Башэ», «Албастының сұңқылы» деген алты ертегі топтастырылған.Кіта
Бұл кітапта автор қытай халық аңыздарын қазіргі кезеңге сай құрастырып, заманауи ертегілерді жазып шыққан. Оқырманды өзіне тарта түсетін ертегілер қызықты оқиғаларға құрылып, көркем тілмен баяндалған.«Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong)» кітабында «Чжун Ли», «Фэйхуан (Ұшатын жылқы)», «Динлиндер», «Шань Гао», (От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong), «Мақтаншақ», «Бучжоушань тауы Q нұсқасы», «Янхого елі» атты сегіз ертегі топтастырылған.Кі
Иллены – герои притчи-сказки «По ту сторону радуги» – не фантастические персонажи, а по сути, земные юноша и девушка. На их примере мы понимаем, что нужно быть терпимее по отношению к тем, кто отличается от нас, добрее по отношению к тем, кто слабее нас. Нужно стремиться к лучшему и любить то, что дано здесь и сейчас.Притча-сказка «По ту сторону радуги» предназначена для подростков. Дорогие ребята, наш художник предлагает Вам вспомнить недавнее д
Сергей Григорьевич Козлов (1939–2010) – писатель-сказочник, поэт, лауреат премии им. К. Чуковского. Сергея Козлова, прежде всего, знают, как автора сказок «Ёжик в тумане», «Поросёнок в колючей шубе», «Как Львёнок и Черепаха пели песню» по которым были сняты мультфильмы. Но в багаже писателя есть много историй, которые происходят с любимыми героями за кадром. Эти и другие сказки собраны в нашей книге.Для дошкольного возраста.В формате pdf A4 сохра
"Сказка-быль" написана для детей средней школы.Произведение создано для детского создания.
В королевстве Белых Роз царил мир и процветание, пока коварный колдун не заколдовал принца. Очарованные тьмой, принц и его спутники, оказались во власти злых чар. Но веру в добро и смелые сердца не сломить! Отважные герои отправляются в путешествие, чтобы отыскать колдуна, сразиться с ним и разрушить его чары. Пройдя испытания, они одерживают победу, возвращая королевству свет и радость. А принц, освободившись от чар, встречает прекрасную принцес
Повесть о жизни собаки, появление которой остаётся загадкой. О том, как она на протяжении долгих лет удивляла, заслуживала внимания и поощрения, трогала сердца и души, заставляла проникнуться к ней и, несмотря ни на что, верно служила своей семье. Этой собаке удалось оставить глубочайший след в жизни автора, и кто знает, в скольких жизнях ей ещё предстоит наследить?!
Здравствуйте. В ваших руках вторая книга из серии «Продавец очевидных вещей». Это издание посвящено автосервису, организации работы внутри автосервиса и конечно же, продажам сервисных услуг. Книга будет полезна как руководителям станций технического обслуживания и собственникам бизнеса, так и рядовым, или как еще их называют – линейным сотрудникам. Материал книги – это некий собирательный образ моего личного опыта и опыта моих клиентов, партнеров
Киоко должна была стать спасением Шинджу, но для своего народа она мертва.Правители пали. На место империи приходит сёгунат. Ёкаев выживают уже не только с юга, но и со всего острова. И нет надежды, что гонения прекратятся…Но есть пророчество. И раз сбылась его первая часть, Киоко и её спутники отправляются на поиски второй. Удастся ли им разгадать собственное будущее до того, как станет слишком поздно?Для кого эта книгаДля тех, кто увлекается ку
История ВЭБ.РФ – это захватывающая хроника эволюции одной из ведущих финансовых организаций страны. Учрежденный сто лет назад банк занимался сопровождением внешнеэкономической деятельности Советского Союза. Новое время потребовало от Внешэкономбанка стремительной трансформации, привлечения лучших специалистов и развития их кросс-функциональных компетенций.ВЭБ.РФ стал современной организацией развития, которая реализует вместе с партнерами масштаб