Серік Асылбекұлы - Күзгі романс

Күзгі романс
Название: Күзгі романс
Автор:
Жанр: Пьесы и драматургия
Серии: Нет данных
ISBN: Нет данных
Год: 2020
О чем книга "Күзгі романс"

Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында табыспен қойылып келеді. Оның Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Күзгі романс» атты туындысына 2005 жылы Қазақстан республикалық конкурсында бас жүлде берілген. Бұл өмірде адамдар нені көксейді? Әрине, әркім ең алдымен тіршіліктен өз бақытын іздесе керек. Ал бақыт дегеніміз не өзі? Жұмыр басты пенде шіркін оған қайткенде қол жеткізбек? Әлде біздің бәріміз мына күнаhар тіршіліктен табиғатта мүлде жоқ нәрсені, ешқашан қолға түспейтін құр сағымды қуалап босқа арамтер болып жүрміз бе? Міне, «Күзгі романстың» кейіпкерлері осы жұмбақтың шешімін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрады. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.

Бесплатно читать онлайн Күзгі романс


Екі бөлімді драма

Негізгі кейіпкерлері:

Сайлау – режиссер, 45 жаста

Назым- Сайлаудың әйелі, 40 жаста

Сюзанна – 35 жастағы әйел

Әлібек – Сюзаннаның бұрынғы куйеуі, 37 жаста

Телефондағы дауыс

Бірінші бөлім

Осы заманғы үш бөлмелі, қалалық жайлы пәтер. Бірақ оның кіреберісі мен залы, есігі ашық тұрған жатын бөлмесінің бір бөлігі ғана көрінеді.

Үйдің іші мұнтаздай таза, жарық. Оның әрбір бөлмесі қазіргі замандық жоғары талғамға сай европалық гарнитуралармен, тұрмысқа қажетті басқа да дүние-мүлікпен жабдықталған. Қабырғадағы үлкен аспалы сағат түстен кейінгі з-ті көрсетіп тұр.

Сахна ашылғанда біз бір қолымен бүйірін таянып, бір қолымен аквариумдағы балықтарға жем салып, залға апарар есіктің қыр көзіндегі кіреберістегі киім ілгішке үстіндегі жұқа ақ сұр плащы мен басындағы сол түстес кепкасын іліп жатқан күйеуі Сайлауға зәрлі мысқылмен көз салып тұрған 40-45-тер шамасындағы оның Құдай қосқан қосағы Назымды көреміз. Оның үстінде – әдемі гүлді халат, аяғынжа – жұмсақ тәпішке.

Сайлау. Кәдімгідей жаурап қалдым-әй!.. 7-ші троллейбусты кемі бір 40-45минут күткен шығармын. Қарын да ашты. Назуша, тамақ дайын ба?

Назым. Ух, жулик, а, жулик!.. Еще ұялмай тамақ сұрайды бұл, ә?!

Сайлау. (Таңырқап). Ау, бәйбіше?..

Назым. Не, бәйбіше-бәйбіше!.. Осындай мәймөңкеңді қойшы!.. Мен саған бүгіннен бастап бәйбіше де, басқа да емеспін, білдің бе?

Сайлау. Ау, жарқыным, сен не деп кеттің?

Назым. Байғұс!.. Нақсүйерің ең болмаса тамағыңды да тойдырып жібермепті ғой. Үйінде мынаған беретін тамағы да жоқ шығар ол сорлының.

Сайлау. Кімнің?..

Назым. Кімнің-кімнің!.. Білмей тұрған шығарсың әбден кімнің екенін!..

Сайлау. Осының бәрін сен шын айтып тұрмысың? Түк түсінсем бұйырмасын.

Назым. Жоқ, сенімен ойнағым келіп, әзілім қысып бара жатқандықтан айтып тұрмын. Ух, жулик, а, жулик!.. Қазір ана киімдеріңді ал да, бұл үйден қараңды батыр! Қандай противный едің, а!? (Жыламсырап). Сен… сен бұрыннан сондай болатынсың!..

Сайлау. Қандай?..

Назым. Өшір үніңді!.. Бағана шашы жалбыраған бір албастының соңынан еріп, «Динамо» стадионына қарама-қарсы тұрған ана бес қабатты үйдің бірінші подъезіне кіріп бара жатыр едің ғой. Сүмеңдеп!… Ол түскі он екінің шамасы болатын. Ал қазір сағат неше?

Сайлау. (Қабырғадағы сағатқа көз салып). Үш…

Назым. Үш-үш!.. Үш болса, содан бері қайда жүрсің?!.

Сайлау. Қайда жүргенде… Қызықсың… Енді жүруге болмай ма?

Назым. Әй, сен бұлтағыңды қой. Одан да шыныңды айт, білдің бе!.. Кім ол?

Сайлау. Кімді айтасың?

Назым. (Күйіп кетіп). Әй, жаңағы күн көзінде жатып қалған шөмеледей сап-сары шашы жалбыраған албастыңды айтам!

Сайлау. Ол менің бір танысым. Досым…

Назым. Досым?! Сен кімді ақымақ қылып тұрсың?! О заманда бұ заман еркек пен әйелдің дос болғанын көрсем, көзім шықсын. Дос дейді-әй бұл!.. Саған дос болуға жарарлық бір еркек табылмады ма бұ дүниеден?.. Әлде мені мүлде жындандырғың келіп тұр ма? Қой, айналайын, менің сенімен жасырынбақ ойнауға уақытым жоқ. Айт шыныңды!.. Әйтпесе бар ғой…

Сайлау. Сенсең де, сенбесең де өзің біл. Біз ол екеуміз былтыр күзде танысқанбыз…

Назым. Былтыр күзде?!.. Ровно бір жыл болған екен ғой. Содан… Иә, айта бер. Мен сені мұқият тыңдап тұрмын. Сен енді бастаған екенсің, бәрін түк қалдырмай айтып шық. Дальше!..

Сайлау. Сен үшін соның бәрі соншалықты маңызды ма? Сол, таныстық…

Назым. Маңызды ма дейді-әй бұл кісіні күйдіріп!.. Егер мен басқа бір еркекпен тал түсте қолтықтасып, бір қаракөлеңке подъезге кіріп бара жатсам, саған маңызды болар ма еді, маңызсыз болар ма еді?!. Айтшы!.. Үндемейсің, ә!.. Ендеше, қазір менің алдымда түгін қалдырмай бар шындықты жайып сал! Бол!..

Сайлау. Онда ана залға барайықшы. Сонан соң айқайламашы, жарқыным. Мына көршілерден ұят-ты. Тіпті… кісінің жанын аласың ба?

(Сайлау аяқ киімін шешіп, залға қарай беттейді. Назым оны тап бастырмай өкшелеп келеді).

Назым. Ұялшағын бұның!.. Айқайлаймын. Білсін жұрттың бәрі сенің кім екеніңді!.. Әйтпесе, ол аңқау бейшаралар қайдан біледі сенің бір саусағын ішіне бүккен арамза екеніңді.

Сайлау. (Залдағы диванға отырып жатып, Назымға жалт бұрылады). Сен кісінің арына тимей сөйлесеңші! Кәдімгі адам секілді дұрыстап ұрсуға да болмай ма?

Назым. (Екі бүйірін таянып, Сайлауға жақындай түсіп). Мен саған дальше деп тұрмын ғой! Қалай ұрсуды сен маған үйретпе, білдің бе?! (Тістеніп). Дальше деймін мен саған!..

Сайлау. Дальше болса… Кәдімгі күз болатын. Сары ала жапырақтар жерге төгіліп жатқан. Дәл осы кездегідей, тамыз ба, қыркүйек пе, анық есімде жоқ…

Назым. Оны бағана айтқансың. Сары ала жапырақтар дейді ғой маған!..

Сайлау. Енді кісінің сөзі бөле бермесеңші! Өзі айт-айт дейді де…

Назым. Ойпырмай-ә?! Жарайды. Жалғастыр.

Сайлау. Әйтеуір Медеуде «Азия дауысы» фестивалі жүріп жатқан Жексен, Мұрат, мен – үшеуміз концерт көріп отырғанбыз. Стадионда. Бір кезде Жексен мен мұрат буфеттен сыра әкелуге кетті де, мен орнымызды біреулер алып қоймас үшін күзетте қалдым.

Назым. (Кекетіп). Әбден шөлдеп қалған екенсіңдер ғой!..

Сайлау. Күн ыстық болатын.

Назым. Саған сол сыраны қақаған қыста әкеп берсе де, бас тартпайсың. Білеміз ғой жайыңды.

Сайлау. Сен мені тыңдайсың ба, жоқ әңгімені осы жерден тоқтатайын ба?

Назым. (Кекетіп). Жо-жоқ, неге тоқтатасың, тоқтатпа, қызық жеріне жаңа ғана келе жатырмыз ғой.

Сайлау. Сонымен арасында сахнаға фестивальдің құрметті қонағы ретінде шақырылған Алла Пугачева шықты да, өзінің әлгі жиі айтатын әні бар ғой, «Күзгі романс» деген, соны орындай бастады.

Назым. Қандай-қандай?!. «Күзгі сүйіс» деген әні бар еді, мүмкін сол шығар… Так, сонымен…

Сайлау. Білмеймін, әйтеуір сол әнді Сюзанна «Күзгі романс» деп атайтын.

Назым. Сюзаннасы кім тағы?

Сайлау. Енді айтайын да…

Назым. (Ызалана мырс етіп). А-а-а, әлгі жалбыр шаш екен ғой! Сюзанна-мюзанна!.. Немене еді әлгі… Жаман иттің атын Бөрібасар қояды деп. О баста Салима ма, Сақыш па – әйтеуір сондай бірдеңе шығар. Сюзаннашылдарын өздерінің!..

Сайлау. Жоқ, паспортында да солай – Сюзанна…

Назым. Ім-м, паспортына дейін тексердім де…

Сайлау. Жо-жоқ. Бір рет аялдамада тұрғанбыз. Кісі көп. Соның арасынша троллейбус келіп қалда да, біздің кісілерді білесің ғой, жұрт бірін-бірі итере-митере есікке қарай лап қойды. Біреу Сюзаннаның сумкасын байқамай қағып кетті. Оның ішіндегілері жерге шашылып қалды. Сол шашылған заттардың арасында паспорты да бар екен. Мен шашылған заттарды жинастырып жүргенде, әлгі паспорттағы жазуға көзім түсіп кетті.

Назым. Шашылып қалған заттарына дейін жинастырып жүремін де. Менің заттарым шашылып қалса ғой, еңкеюге де ерінер едің. Ал қайдағы бір албастының заттары шашылса…

Сайлау. Сен біреудің арына тимей сөйлей алмайсың ба осы?!

Назым. Кімнің-кімнің?!

Сайлау. (Даусын көтеріп, орнынан ұшып түрегелді). Албастың не енді?! Ол да кәдімгі … Сен секілді… нормальный әйел…


С этой книгой читают
Мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдердің сана-сезімдеріне мықтап орныққаны сондай, ол жас ұрпақты тәрбиелеуде күні бүгінге дейін өз үстемдігін жоя қойған жоқ. Пьесада махаббат деп аталатын тылсым сезіммен алғаш рет ұшырасқан мектеп оқушысы, жасөспірім Рабиғаның үлкендер әлеміне аяқ басқан сәттердегі басынан кешкендері және оны қазіргі тәрбие, білім беру жүйесінің қалай қабыл алғаны бейн
1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды. Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді. Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен со
Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. С
Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағы адамдардың өмірі қалай өзгерді? Қазақша ашылып сайрау пьесасында осындай ауылдардың біріндегі қарапайым фермердің жаңа экономикалық тәртіппен, жаңа биліктің номенклатура өкілдерімен жағыз өзінің бетпе-бет күресі суреттеледі. Бұдан не шыққанын біз аталған шығарманы оқып біткеннен соң білеміз. Бұл драма 2017 жылы Астанада өткен Рух халықаралық әдеб
Дон Нигро «Наш дом и сад в начале века… (Русская пьеса)/Russian play/2004». Семь актеров (4 женские и 3 мужские роли). Комедия, как «Чайка» и «Вишневый сад». 1900 г., российская глубинка, беседка в запущенном саду. Вдова, три дочери, писатель, врач, неудачник. Пронзительная чеховская пьеса. Американский драматург мог написать такую, лишь благодаря системе Станиславского, вжившись в роль. Шедевр.
Дон Нигро «Большое невольничье озеро/Great Slave Lake». Входит в сагу «Пендрагон-Армитейдж». Пять актеров (3 женские и 2 мужские роли). Гретхен и Маргарет, персонажи пьесы «Барбари Фокс». Им за сорок и у них пропадают мужья: отправились в Канаду на рыбалку, и с ни слуха ни духа. И вдруг появляется девушка, Бетти (возможно, именно она мелькнет в пьесе «В последний путь», которую вроде бы эти самые мужья, может, и один, обрюхатели.
Дон Нигро «Вдовствующая императрица в ночлежке». Диалог Анаис Нин и Генри Миллера, произведения которых отличались особой эротичностью. В основу пьесы положен реальный эпизод. Целесообразно читать после коротких пьес «Анаис Нин: В зеркальном лабиринте» и «Генри Миллер: О женщинах».
Дон Нигро «Европа после дождя/Europe After the Rain». Четыре актера (1 женская и три мужские роли). Наверное, черная комедия. Эпизод из жизни немецкого художника Макса Эрнста (1891-1976, дадаист, сюрреалист, первопроходец в техниках фроттажа и коллажа, автор романов-коллажей и Главный-среди-птиц, короче, одного из великих 20 века). И если творческая судьба Эрнста с самого начала складывалась неплохо, то в жизни он не раз и не два находился на гра
Книга историка Ивана Беляева (1810–1873), профессора Императорского Московского университета, представляет собой фундаментальный обзор первых веков русской истории. Благодаря многолетней работе в сенатских архивах и Московском Государственном архиве, Беляеву удалось собрать и систематизировать гигантский корпус средневековых документов, летописей и актов, которые легли в основу его трудов. Параллельно с этим Беляев собирал исторические документы
На берегах горной реки Памано, затерявшейся в Пиренеях, не смолкают голоса. В них отзвуки былых событий, боль прошлого и шум повседневности. Учительница Тина собирает материал для книги про местные школы, каменотес Жауме высекает надписи на надгробиях, стареющая красавица Элизенда, чаруя и предавая, подкупая и отдавая приказы, вершит свой тайный суд, подобно ангелу мести. Но вот однажды тетрадь, случайно найденная в обреченной на снос школе, доно
Все мы любим читать. И все мы любим сказки… Но что, если появляется шанс окунуться с головой в эту самую сказку? В прямом и переносном смысле. Угодить в сказочный мир и стать главным героем личной волшебной истории?Именно это и случилось с Амандой Чейз, когда однажды она наткнулась на странный дневник, перевернувший её реальность и изменивший давно устоявшийся порядок жизни…
Очаровательная ведьмочка Кэтрин и постоянно чем-то недовольная Аманда продолжают гордое шествие по тропе нелёгкой стези алхимиков, ища лекарство от смертельной лихорадки. Однако не за горами их ждёт новое знакомство – взбалмошная и странноватая Тамина не только обладает уникальными способностями, но и тщательно оберегает собственные тайны. Тайны, имеющие непосредственное отношение к долгожданной вакцине, обещающей спасти миллионы невинных жизней…