Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Мақалалар жинағы
Название: Мақалалар жинағы
Автор:
Жанр: Общая история
Серии: Нет данных
ISBN: Нет данных
Год: Не установлен
О чем книга "Мақалалар жинағы"

Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Бесплатно читать онлайн Мақалалар жинағы


© Мұхтар Бақытұлы, 2022


ISBN 978-5-0051-0455-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

ЖЫЛКЕЛДІ РУЫНЫҢ ТАРИХЫ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

«Осы кітапты оқып, білмегенін

ұққан мұсылман біздің атымызды

атап Фатиханы оқысын…»

Әбілғазы Баһадүр «Түрк шежіресі»

Кіріспе


Жүрегі қазақ деп соғатын Адам баласы қашанда өзінің шыққан тегін іздеп, өзін қайдан тарағанын біліп, танып, білгенін атадан балаға жеткізгені, өткен заманнан келген рухани және материалды-мәдени құндылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қолыңызға тиіп отырған кітапта біз Ұлытау өңірін мекендеген Бағаналы Найманның бір баласы Жылкелдінің шыққан тегін, тараған ұрпағын суреттеп, сіздің назарынызға ұсынып отырмыз.

Алланың адамзатқа жіберген соңғы жолдауы, қасиетті Құран Кәрімде былай деп жазылған: «13. Ей, адамдар! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауа) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар және рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шексіз Аллаһ толық білуші, әр нәрседен хабар алушы.» (49 Сүре. Хужурат). Құдыретті Жаратқан осы сүрені жіберіп, өз шыққан тегіңді, руыңды, еліңді біл деп бұйырған. Яғни, шежіре жазу, шыққан руыңның тарихын зерттеу, кейбіреулердің түсінігіндей, трайбализм, немесе елді жік-жікке бөлу емес.

Тіпті әруақтарды мазалай бермеңдер дегендерде шығады. Жоқ, шежіре жазу әруақтарды мазалау емес, керісінше, кітапта марқұмдардың аты аталған сайын дұға болып қабылдансын деген ниетпен жазылады. Шежірені қалыптастырып, қағаз басылымына еңгізу және оны жылдар өткен сайын жаңартып тұру нағыз мұсылманның міндеттерінің бірі. Ал, Қазақ елінде бұл жұмыс ру-тайпалық сапты бір тәртіпке келтіру деп таныған жөн.

Қазақ шежіресін зерттеу – байырғы заманнан келе жатқан ұлт дәстүрі. Атадан балаға тіл әдебиетімен жететін жешіре, әсіресе, түрктілдес елдерде, мәдениеттің төрінен орын алған. Сол сөзбе-сөз айтылып жүретін шежірелерді бір сатыға қойып жазып, бір-бірінен көшіріліп алынған жылнамалар сол рухани құндылықты бүгінгі біздерге жеткізді.

Ол жылнамалар маңызды ақпарат арқылы біздің жұмысымызға керекті тарихи логиканы құрастыруға көп үлес қосады. Қасиетті Құран Кәрім Адам баласының пайда болуынан Алланың соңғы елшісі, пайғамбарымыз Мұһаммедке дейін, ортағасырлық жылнамашылары, Нұһ пайғамбардан түрк тайпаларының шыққан тегі мен Оғыз заманына дейінгі тарихи оқиғаларды таратып береді.

Біздің жұмысымыз үшін құнды дереккөздердің бірі болған «Моңғолдың құпия шежіресі» Шыңғыс қаһан мен Найман елінің арасындағы қарама-қатынас, Жошы үлесіндегі Найман Кетбұқаның рөлі туралы ақпарат береді.

ХІХ ғасырдағы Қазақ, оның ішіндегі Бағаналы елі туралы нақты да жан-жақты мәліметтерді орыс зерттеушілері қалдырып кеткен. Ол деректерді біз Ресей империясының Генштабында қызмет еткен подполковник Красовский әзірлеген «Материалы для географии и статистики» атты еңбектің 16 томынның І, ІІ және ІІІ-ші бөлімдерінен, 1897 жылы Ресей империясында жүргізілген тұңғыш санағы бойынша жазылған «Материалы по киргизскому землепользованию» атты көптомдығының ІІ томынан, тағы басқа шығармалар мен жинақтамалардан табамыз.

ХХ ғасырда жазылған шежірелерді Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінен кездестіруге болады. Жылкелді ұрпақтарының тарауы 1991 және 2002 жылдары шыққан Жылкелді шежірелерінің беттеріне сүйене отырып, цифрлық ақпарат құралдары арқылы ағайынмен байланысып толықтырылды.

Мүмкіндігінше нәтижелі жұмыс орындауға «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы жазып шығарған «Қазақ ру-тайпалары тарихы» атты көптомдық еңбек өз үлесін қосты. Бұл зерттеудің оныншы томының І, ІІ, ІІІ кітаптары «Найман» деп аталып, ерте ғасырлардан ХХ ғасырдың басына дейінгі замандағы Найман тайпасының тарихын баяндайды.

Бірақ, сол еңбектердің баршылығына қарамастан, қаншама мол деректер болса, соншама қарама-қайшылық пен әр-түрлі пікірлер кездеседі. Ол – ол ма? Тевкелев, Левшин, Красовский секілді орыс зерттеушілері, Сібір «қырғыздары» туралы мәліметтер жинаған кезде, биліктегі бақандай қандар мен сұлтандардың өздерінің ата-бабалары туралы деректерін сұрап алалмаған. Өйткені олардың бәрі елдің қысқа тарихи санасының кесірінен ұмытылған, жазылмаған.

Сондықтан, біз Жылкелді руының тарихын жазғанда Адам баласынан Жылкелді бабамыздың заманына дейіңгі оқиғаларды хронологиялық тұрғыдан баяндап, тарихта белгілі тұлғаларды атап өтіп, шежіре тіркесін жалпылама әңгімелеп шықтық. Өйткені, кітаптың басты мақсаты тарихи диссертация немесе монография жазу емес, тек Жылкелді руының шыққан тегі мен тарихын әңгімелеп отыра, бүгінгі ағайынды түгендеп, келесі ұрпаққа ақпарат қалдыру болды.

Жылкелді руының шежіресі басқа да рулар секілді, тек XVIII ғасырдан бастап нақтылай айтқанда қазақтың жоңғарға қарсы жүргізген Отан соғысынан бастап, азды-көпті болсада, туралау мәліметке ие болып, ата-бабаларымыздың есімдері мен олардың өмірбаяны туралы деректер көптеу кездеседі. Ал, XVIII ғасырға дейіңгі мәліметтер бір-бірімен сәйкестенбей, әртартпалы пікірлер арқылы тарқатылу көп орын алады. Тұлғалардың көбісі ұмытылып, шежірелерге тек белгілі, есте қалған кісілер ғана кірген.

Оның үстінен соңғы 30 жыл шамасындағы шежіре тарқатушылардың көбісі кәсіби тарихшы болмағандықтан, тарихи оқиғалардың логикасы, хронологиялық заңдылықты білмегендіктен, көптеген шатыс, ойдан шығарылған фактілер мен байырғы тұлғаларды тек мифология тұрғыдан мадақтау бағытта келтірілген мәліметтер де кездесіп жатады. Ал, XVIII ғасырдан бері қарай ел аузындағы аңыздар мен тарихи дереккөздердегі мәліметтер бір-біріне сәйкес келіп, бір сапыға тіркесіп келеді.

Сондықтан, бұл кітаптың басты тақырыбы Жылкелді руының шежіресі болғандықтан біз теруімізді бірнеше бөлімге бөлуді жөн көрдік. Бірінші бөлім – Жылкелді руының тарихы; екінші бөлім – Жылкелді руының шежіресі; үшінші бөлім – Жылкелді бабаның белгілі ұрпақтары туралы; төртінші бөлім – Мақалалар. Естеліктер. Құжаттар.

Бірінші бөлімде Жаратушы Адамды жаратқаннан бастап, түрк бабаларымыздың тарихына үңіліп, Бағаналы елінің жылнамасын тарқата отырып, Жылкелді бабамыздың ұрпақтарының тұрмыс-тіршілігіне ой салдық. Мұнда біз жалпы Қазақ тарихына көз салып, болған оқиғаларды Жылкелді руы шыққан Бағаналы елінің орнын айқындауға тырыстық. Басты мақсат – болашақ ұрпақ өзінің бай тарихын біліп, тектілігін сезіп жүрсін деген ниет.

Екінші бөлімде ағайындардың ұйымдасуымен жиналған әр жылкелділіктің есімдері кірген Жылкелді руының шежіресін тарқаттық. Бұл бөлімде тарихнамада орын алған Найманнан Бағаналыға дейіңгі шежірешілердің арасындағы пікір-таласқа қатыспай, шежіре кестесін 2002 жылы шыққан шежіреге сүйеніп келтірдік. Өйткені, шежірешілер Бағаналы руы қайдан пайда болғанын нақты айтпайды. Көбісі Бағаналының тегі Найман деп, ешқандай күмән туғызбай жазса, кейбір зерттеушілер оны дербес тайпаға жатқызады. Біреуі Бағаналыны Төлекатайдан тарқатса, Екіншісі Белгібайдан бірақ шығарады. Сондықтан, нақты дерек қашаннан ұмытылып, әр шежіреші өз ұстанымына берік болып, өз пікірін қорғауға құқығы бар болғандықтан, біз полемикаға бой алдырмай ескі шежіреміздегі кестеге сүйене отырып, өз ойымызды осы екінші бөлімге кіргіздік.


С этой книгой читают
В данной книге рассматриваются вопросы генезиса индоевропейских языков с учетом последних данных исследований ДНК современных популяций.
В очерке рассказывается о судьбе Исаака Григорьевича Гольдберга (1886—1937) – иркутского писателя и общественного деятеля (видного члена партии социалистов-революционеров, редактора газеты «Сибирь»).
«Таинственный старец» – пусть увлекательный, ироничный, написанный лёгким языком, но все-таки задачник. В первую очередь, для школьников. Хотя папам-мамам наверняка тоже понравится. Особенно поклонникам головоломок. И тем, кто интересуются прошлым.В сборнике – задачи олимпиадного уровня по истории.Каждая из них – небольшая зарисовка из дней минувших. В каждой – загадка. Которую внимательным читателям предстоит разгадать, опираясь на логику, фанта
Представлены европейские образовательные системы, которые вошли в сокровищницу мировой педагогики. Их авторы – Я. А. Коменский, Ж.-Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, Э. Белл и Дж. Ланкастер, И. Ф. Гербарт, С. Френе, М. Монтессори, Р. Штайнер. Практикум позволяет воспроизводить и осваивать эти системы в современной практике. Для студентов и педагогов учреждений высшего и среднего профессионального образования. Рекомендовано к изданию Ученым советом Инсти
Говорят, Господь не даёт ношу не по силам. Но как невыносимо тяжела она бывает, когда срывает крышу от безысходности и бессилия… Кто мог знать, какие испытания свалятся на плечи молодой журналистки Лидии Арефьевой, когда она переступит порог роскошной квартиры кандидата в депутаты. И что даст ей силы справиться? Только любовь, одна лишь любовь!
This book tell about the 3th sign of Zodiac. Gemini are intelligent, talking, friendly, charmming, popular. We invite you join to our Russian – British project and tell about yourself: vk.com/spiritschool
Независимо от возраста, каждому из нас хочется верить в новогодние чудеса! И загадав заветное желание под Новый год, мечтать о его исполнении. Но что если всё это в твоих собственных руках? Одно случайное знакомство... Одна случайная ночь могут изменить твою жизнь...
Беда не приходит одна. Она приходит с менестрелем. Несколько слов бродячего певца — и единственная наследница престола отправляется в опасный путь. Теперь позади нее — разгневанная королева, а впереди — вражеские солдаты, бандиты, маги и чудовища. Но разве такие мелочи остановят принцессу, выросшую с мечом в руках?