Олжас Сеитов - Бақыт жолы

Бақыт жолы
Название: Бақыт жолы
Автор:
Жанр: Общая психология
Серии: Нет данных
ISBN: Нет данных
Год: Не установлен
О чем книга "Бақыт жолы"

Бұл кітапта түпсанамен жұмыс жасайтын, қысқа мерзімде кез келген, дәстүрлі психологияда қиын шешілетін, психологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін методика қарастырылған. Методика қайтарылымысыз, және теріс әсерсіз жұмыс жасайды, оны психологияның терең білімінсіз қолдануға болады. Алайда ең мықты әсер алу үшін, серіктеспен жұмыс жасау керек. Кітапта жазылған методика 5000-нан жоғары адамға өзінің тиімділігін көрсеткен және уақытпен тексерілген. Оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Бесплатно читать онлайн Бақыт жолы


© Олжас Сеитов, 2022


ISBN 978-5-0056-8671-8

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

КІРІСПЕ

Құрметті оқырман,

Алдыңыздағы бұл кітап – сізді және сіздің өміріңізді біржола өзгертуге уәде беретін кітап. Дәл қазір қандай жағдайда болып, қандай күй кешпеңіз – мейлі ол жанкүйзелісі не қуаныш болсын, жоқшылық не молшылық болсын, жалғыз не достасып жүрсеңіз – бұл кітаптан сіз психология мен жеке тұлға ретінде дамуға қатысты көптеген сұрақтарыңызға жауабын таба аласыз, ал бұл өз кезегінде өміріңізді әлдеқайда жарқын етіп, көркейте түспек.

Кітаптың «Бақыт жолы. 90 минутта психологиялық травмадан толық айырылу методикасы» деп аталуының себебі не? Мұның себебі, кітапта бір жарым сағат ішінде бақытқа қол жеткізетін рецепт бар! Бұл әзіл емес, маркетингтік айла да, назарыңызды жаулап алуға бағытталған қулық та емес. Бұл утопия да, кітап авторының қиялдары әрі бос уәделері де емес. Психологиялық қай мәселе бойынша жұмыс жасап жатқаныңызға байланыссыз, 90 минут ішінде сізге жеңілдік, түсінік пен ұғымталдық, еркіндік пен бақыт сыйлайтын «пейнхантинг» деп аталатын түпсанамен жұмыс істеудің таңғажайып қарапайым әдістемесімен танысасыз.

Дәлірек айтқанда, 80—90% жағдайда тәжірибелі пейнхантинг маманы, яғни пейнхантер, қолға алған істі 70—90 минутта оң нәтижемен орындап шығады, тек 10—20% жағдайда процесс бірнеше сеанстарды қажет етуі мүмкін. Бірақ пейнхантердің тәжірибесі көп болған сайын, ол кез келген сеансты 90 минут ішінде аяқтап, клиентке жайлы психологиялық күйге жетуіне көмектесе алады.

Пейнхантинг әдістемесі бір күнде пайда болған жоқ. Ол өте көп уақыт пен күш жұмсағанымның жемісі болып табылады. Бәрі де ересек өміріме көп зардабын тигізген балалық шақтағы жан жаралары мен айналадағы дүниеге деген өкпе-реніштен басталды. Ішкі жан-дүниемдегі таусылмас қарама-қайшылықтар, көптеген психосоматикалық аурулар, қайталана беретін жанкүйзелісі, тіпті өз-өзіме қол жұмсауға дейін барғым келгені мені бұл тығырықтан шығар жол іздеуге талпындырды. Проблемаларымның шешімін мен түрлі салалардан іздедім. Дін, психология, рухани тәжірибе және эзотерика, бұлардың барлығымен де шұғылданып көрдім, алайда өмірім айтарлықтай өзгере қоймады. Қайта керісінше, жан-дүниемді тереңірек қазбалап, үңілген сайын, мені ашушаң да қатулы ететін ішкі «жындарым» одан сайын қорқынышты бола түсетіндей көрінді.

Тек 35 жасымда, сансыз ізденістер мен өз-өзімді жеңу үшін жасаған, бірақ түк нәтиже әкелмеген әрекеттерімнен кейін ғана, өзімнен басқа ешкім де менің ой-санамды ретке келтіріп бере алмайтынын түсіндім. Сондықтан да өз-өзіммен түбегейлі жұмыс істеуді қолға алдым. Мен психологиядағы бірде-бір заманауи жүйе адамға шынайы бақытқа қол жеткізуге, балалық шақтағы жеңілдікті қайта сезінуге әрі жастық күш-жігерді жандандыруға көмектесе алмайтынын өкінішпен түсіндім. Ал ең қызығы, терең ордай бұл тығырықтан шығуға маған психология саласымен байланысы жоқ білімім мен қабілеттерім көмек болды! Бұл қабілеттерді мен қаржы менеджмент саласында жұмыс істегенде үйренген болатынмын! Неге бұлай болды дейсіз ғой?

Мен бірінші мамандығым программист, екінші мамандығым экономист немесе кәсіби тәжірибе бойынша қаржылық аналитик және аудитор болғандықтан мәселенің түпкі себебін қазбалап табуға дағдыланған едім. Санам шындықтың түбіне жету үшін 30 рет «неге» деген сұрақ қоюға машықтанған болатын. Сондықтан дәстүрлі психологияны зерттегенде, көптеген әдістердің тым үстіртін екенін және олардың түпсанадағы проблемалардың тамырын анықтауға көмектеспейтінін түсіндім. Ғылымның нақты болуын жақтаушысы ретінде мені әсіресе көптеген теориялардың бір-біріне қарама-қайшылықтары мен нақтылығы жоқ екені қанағаттандырмайтын. Сол себептен маған өте тереңге бойлауға тура келді, яғни өзімнен басқа ешкім де жүйеге келтіре алмайтынды жүйелеу керек болды. Бұл менің ойларым еді.

Сол кезде көптеген рухани білім жинақтағандықтан, мен өмірдегі тәртіп санадағы ретке келген тәртіптен кейін ғана басталатынын түсіндім. Санамызда болса, он мыңдаған ойлар бар. Ірі корпорацияларда қаржы менеджменті ретінде тәжірибем болғандықтан компанияның қаржылық қызметінде туындаған кез келген проблеманың түпкі себебін сандар мен есептердің мәнін, анық-қанығын білу арқылы табуға болатынын түсінетінмін. Міне, дәл осындай әдіс психологияда қолданылуы тиіс еді. Меніңше, психологияда нақтылық пен туралық жетіспейді: мыңдаған психологтар бір мәселенің әр түрлі шешімдерін және сол шешімдерді іске асыру жолдарын ұсына алады, алайда шынымен бақыт пен жеңілдік күйіне жетелейтін нақты бір алгоритмді ұстанып жатқаныңызға еш кепілдік жоқ.

Туралығы, жүйелілігі мен айқындылығының арқасында пейнхантинг қазіргі таңдағы қоғам үшін табылған нағыз игілік болды. Біріншіден ол мені құтқарды. Содан соң менің достарымды, кейін әлеуметтік желілердегі жазылушыларымды да құтқарды. Әрі қарай – менің шәкірттерім, олардың клиенттері және тағы басқалар да игілігін көрді. Осы уақытқа дейін жеке өзім 1500-ге жуық жеке түрдегі сеанстар жүргіздім. 300-ден аса студенттер үйретілді. Және мектебімнен 5000-нан аса адам көмек ала алды. Бұл сандар аз болып көрінуі мүмкін, бірақ бұлардың небәрі 2 жылдың ішінде орын алғанын ескерсек, бұл айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Сонда қалайша қоғам психологтық білімі жоқ қаржы қызметкеріне сенім артты? Қалай мыңдаған адамдар маған және менің шәкірттеріме өз жан-дүниелерін сеніп тапсырды?

Егер бұл әдістеменің дәстүрлі психологиядан не ғылыми емес әдістемелерден, сондай-ақ тета-хилинг, космоэнергия, рейки, йога, цигун және т.б. тәрізді сана мен түпсананы зерттеумен байланысты дәстүрлі емес бағыттар мен жүйелерден еш айырмашылығы болмағанда, қоғамда мұндай сенім артушылық жәйден-жәй пайда болмас еді.

Пейнхантинг, ағылшын тілінен аударғанда сөзбе-сөз «ауруды аулау» (pain – ауру, hunting – аңшылық) дегенді білдіреді. Міне, осы екі сөз бұл әдістеменің мәні неде екенін көрсетеді. Пейнхантинг, бірінші кезекте, адам өзі біле бермейтін тереңде жатқан жан жараларын жоюға бағытталған. Өйткені мұндай жан аурулары бар адам шынымен бақытты бола алмайды, ол үнемі өз-өзін алдап, қиялмен өмір сүреді, зиян да ақымақ істермен айналысады. Екіншіден, бұл әдіс толықтай аурудың қайдан бастау алатынын барынша дәл табуға бағытталған, сондықтан «аңшылық, аулау» сөзінен басқа ештеңе оны сипаттауға сай келмейтіні анық. Қазіргі таңда адамдар пайдасыз кітап оқудан және ақпаратқа толы әлемде құнды мәлімет іздеуден шаршаған. Былайша айтқанда, бұны адамға зардабын тигізіп жатқан шамадан тыс артылған ақпараттық жүк десе де болады. Сондықтан да бағалы уақытты текке кетірмей, бос нәрсені қозғамай, жағымсыз ойлар мен жан дертінен арылтуды мақсат етіп жүзеге асыратын әдістің болуы аса қажет.


С этой книгой читают
Многие люди понимают, что их финансовое состояние напрямую зависит от их мыслей. Но изменение мышления – тяжелый процесс, в котором очень легко заблудиться. С данной книгой вы пройдете этот путь быстро, легко, и почти с максимальным шансом на успех. В книге есть решение даже для тех, состояние которых в обществе принято считать безнадежным. Каждый может найти ответ на свои «денежные» вопросы и получить озарения. Также вы получите маршрут, эффекти
Олжас Сеитов, автор уникальной методики «Пейнхантинг», предлагает вниманию читателей книгу, которая может изменить вашу жизнь раз и навсегда. Неважно, в каком состоянии вы сейчас находитесь – в депрессии или радости, в нищете или богатстве, в одиночестве или в отношениях, – знание о том, как устранить явные и скрытые душевные боли способно сделать жить светлее и счастливее. В этой книге – суть методики «Пейнхантинг», инструменты для работы с конк
Воспитание детей – самый сложный и противоречивый вопрос в любом обществе и культуре. Но в данной книге предоставлена новая методика, которая поможет любому родителю понять глубже своего ребенка и найти к нему максимально точный подход. Автор приводит 13 основных «душевных витаминов» и инструкцию, как ими пользоваться для того, чтобы ребенок максимально раскрыл свой потенциал и вырос счастливым и здоровым. Книга рассчитана на широкий круг читател
Сказки, помещенные в этой книге, самоисполняющиеся. Они действительно меняют нашу жизнь! Быть может, прочитав эту книгу, вы тоже напишете свою самоисполняющуюся сказку!
Перед вами откровенный рассказ о том, как в процессе психотерапии происходит встреча с собой. Исповедь уставшей от страданий души. Души, спрятавшейся глубоко внутри, но не потерявшей себя.История о том, как можно спасти себя из самых тёмных закоулков разума, начав доверять хотя бы одному человеку.
Сказкотерапия дословно означает – лечение сказками. Это язык, на котором можно говорить с внутренним миром человека. Воздействие происходит на ценностном уровне. Сказка врачует душу; пробуждает сердце; раскрывает глубинный смысл происходящих событий. Сказки могут помочь там, где другие психологические техники бессильны. Где требуется психологическая поддержка и избавление от страданий.
Вы узнаете много нового, откроете секрет становления себя как личности. Приобретя знания успешности, возможно, сумеете изменить матрицу своей судьбы. После прочтения произведения и детального изучения практик, вы сможете наладить работу своей энергосистемы, и внутренний мир ваш наполнится новой энергией, помогающей человеку приобрести уникальные возможности. Не упустите шанс изменить свою жизнь и подняться над планкой своих проблем.
Итак, новый жанр – роман-тренинг. Здесь и любовная история о психологе, влюбившемся в юную клиентку; и проникновение в прошлые жизни; и получение ченнелингов, и магия, и политика… Каждый раз, наталкиваясь на трудности в отношениях, мы слышим эхо из прошлого. Каждый раз, когда любимые убивают нас своим уходом или изменой, мы расплачиваемся за свои прежние грехи. Смысл наших земных страстей, преследующих нас из воплощения в воплощение – в очищении
Предназначение – это не профессия, а способ взаимодействия с миром. Если Вы не знаете своего предназначения, то это не значит, что Вы его не выполняете или что его нет. Однако есть некто, знающий о Вас Всё. Этот Некто и есть Вы в своём собственном подсознании, обращаясь к которому можно расширить границы восприятия мира, а значит, и свои возможности в нём. Поэзия – один из способов общения с подсознанием, как своим личным, так и обще-человеческим
Дебютный рассказ в стиле психологического фолк-триллера.Действие происходит в канун большого Славянского праздника. С живущей на окраине леса семьей начинает происходить что-то странное.
После случившейся катастрофы население России вынуждено прятаться в убежищах. В лесах и городах царствуют заражённые малоизученным вирусом мутанты. Большинство из них это восставшие мертвецы, жаждущие человеческой плоти. Но есть и более опасные мутанты, обладающие высокой силой, скоростью и даже интеллектом. Повествование истории делится между двумя личностями. Военным учёным, пытающемся изобрести вакцину или хотя-бы остановить распространение бо