Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары
Название: Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары
Автор:
Жанр: Книги для детей
Серии: Нет данных
ISBN: Нет данных
Год: Не установлен
О чем книга "Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары"

Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт – үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейімделу үшін неше түрлі кәсіпті игеруге тырысады. Бірақ бәрінде де жол-дары болмайды. Ең соңында… Иә, ең соңында өздерінің қиындықтан қорық-пайтын табандылықтарының, үздіксіз ізденіс, талпыныстарының арқасында, мақсат-мұраттарына жетеді.

Бесплатно читать онлайн Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары


© Кеңес Оразбекұлы, 2020


ISBN 978-5-4498-8287-5

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ
Тел: 8 7077891693,
8 7023528156

ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

(Сериялы ертегілер)
Ай қараңғысындағы оқиға




Соңғы түйенің жүгі ауыр





Сан соқтырған сазгерлер




Қазына аралында






Суреттерді салған: Құралай Үмбетова


ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

(Әзіл-күлкілі сериялы ертегі)


Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің – басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің суретін салуға құмар…

Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табыстырғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, он тараудан тұратын шытырман оқиғалы, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты. Бұл хикаят оқырманын тек күлдіріп қана қоймай, бүгінгі әлеуметтік мәселелерді балаларға оңайлықпен түсінетіндей шеберлікпен көтеріп, жастарды мамандықтарын дұрыс таңдай білуге, ізденімпаз да талапты болуға, өмірдің уақытша қиындықтарына төзіп қана қоймай, одан шығатын жолдың бар екенін көрсетуімен де маңызды.

Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.

ӘЛҚИССА

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуінің де асынып алған жол қапшықтары бар. Жарғақбастың иығында құрық, Қылкеңірдектің иығында арқан, Шибұттың иығында жүген, қолында қамшы, үшеуі көше бойлап алшаң басып жүріп келеді. Жүргені өз алдына, былайша әндетіп келеді: Бөлінбейтін үш доспыз,

Кез келген іске біз қоспыз.

Талай сыннан сүрінсек те,

Бет қайтпайтын «жылпоспыз».


Жолымызды оңғарсын!

Деп тілейміз Тәңірден.

Сәті түспей жатса да,

Түңілмейміз,

Үміттіміз өмірден!


Реніш, өкпе жоқ бізде,

Емеспіз біз ел кезбе.

Табылса егер бір жұмыс,

Жұмыламыз, біз – құлмыз! —

деп, хош көңілмен шеру құрып келеді. Жеңдерін түріп ап, «Екі қолға бір жұмыс» деп белсеніп келеді. Үшеуі бір-біріне сүйемел боп, қиындықты қайыспай еңсеріп келеді.

Ал, балалар, біз олардың қызықты шым-шытырық хикаяларын сендерге баяндап, барымызды бөліскіміз келеді.


Аттракциондағы арпалыс


Балалар, халық аузында мынандай шағын ертегі бар екенін бәрің білесіңдер:

Ертеде Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт деген үш ұры болған екен. Бір күні олар ұрлыққа аттаныпты. Көздеген жеріне жеткен соң, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін, олар біреуін жібермек болыпты.

Қылкеңірдек жанындағы серігіне:

– Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.

Жарғақбас орнынан тұрады:

– Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді. – «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!

Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Етекке түсіп келе жатқанда, оның айға шағылысқан жарғақ басын жарық көзі деп қалса керек, бір жәндік айналшықтап шықпайды. Ол айналып-айналып келіп, Жарғақбастың жылтыр басына қонады. Жарғақбас қолымен жасқап, оны ұшырып жібереді. Жәндік шыркөбелек айналып-айналып барып, Жарғақбастың маңдай тұсына тағы қонады. Басы жыбырлап, ыза болған Жарғақбас «Тпу, иттің баласы!» деп, балғадай ауыр қолымен жәндікті өлтіремін деп басына бір қояды. Шытынап тұрған жарғақ басы қақ жарылып, өзі кескен теректей «гүрс» құлап, сол жерде жан-тәсілім етеді.

– Бие сауымдай уақыт өтті. Бұл сорлы қайтпады ғой, оған не болды екен ә? – деді Шибұт тыпыршып.

– Иә, қатты кешікті. Сен барып жағдайын біліп келші.

– «Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір» деген осы. Барсам барып келейін.

Ол орнынан тұрып, қолындағы заттарын Қылкеңірдектің жанына қояды да, өзі жорта жөнеледі. Қыр асып, Жарғақбастың ізімен жүріп келе жатқанда, шөп арасынан серігінің басы жарылып өліп жатқаны үстінен түседі. Шибұт шошып:

– Астапыралла! Қа-ап!!! – деп, екі қолымен санын бір соққанда, шидей аяқтары «шарт» сынып, ол да сол жерде сеспей қатады.

Қылкеңірдек Жетіқарақшы жұлдызына қарап тұрып:

– Міне, ет пісірімдей уақыт өтті, екеуінен де хабар жоқ. «Қойшы көп болса, қой арам өлер» дейді, бұлар іс тындырып жарытпас, өзім барайыншы.

Ол орнынан тұрып, жердегі қапшық пен жүгенді иығына артып, серіктерінің соңына түседі. Қырқадан асып, із кесіп келе жатқан ол шөп арасынан екі серігінің тырапай асып, өліп жатқанын көреді.

Қылкеңірдек қатты шошып:

– Ой-ба-ай!!! – деп, бақырып қалғанда, қылдай кеңірдегі түйіліп, «бырт» етіп үзіліп, ол да сол жерге «гүрс» құлайды.

Сөйтіп, ұрлыққа аттанған үш бақыр мақсаттарына жете алмай, ауыл сыртында үш жерде тырапай асып, өліп қалыпты.

Әдемі, қызықты басталған ертегі осылай тез бітіп қалады. Өкінішті, ә?!


***

Дегенімен, мен сендерді қуантайын, балалар, олар өлмеген екен! Үшеуі ел арасында жүрген көрінеді. Мен солардың бастан кешкен қызықты оқиғаларына куә болып, қағазға түсірген едім. Кәне, онда, жақсылап жайғасып, оқиық, ә?!

Ал, жоғарыдағы оқиға былай өрбіген көрінеді: Бір күні біздің үш сайыпқыран ұрлыққа аттаныпты…

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуі ай қараңғысында соқпақ жолмен жол жүреді. Жүргенде де мол жүреді. Төбе бөктеріне көтеріліп, ауыл іргесіне келгенде, қой тастарға отыра-отыра кетеді.

Қылкеңірдек жанындағы серігіне:

– Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.

Жарғақбас орнынан тұрады:

– Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді:

– «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!

Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Ауылдың бергі шетіне вагон-арбалар мен үлкенді-кішілі шатырлар орналасқан екен. Жарғақбас бұлар не болды екен деп жақындап келсе, ауыл балаларына қаладағыдай қызықты ойын көрсетеміз деп, әр түрлі ойын аттракционын құрып қойыпты. Адамдары шаршап, шатыр не вагон-арбаның біріне жатып ұйықтап қалған болса керек, айналасынан бейсәубет ешкім көрінбейді. Ол вагон-арбаның біреуіне жақындап барып, есігін жайлап ашып, басын сұғып қарап еді, иесіз екен. Есік жақтауындағы қосқышты байқап, басып қалған – іші толған неше алуан айналар. Жарғақбас «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деп, біреуінің алдына жақындап, айнадан өзінің қызық кескінін көреді: Қазандай басы кеседей болып, есесіне денесі зорайып, алып балуан денелі болып шыға келгені. Жарғақбас соған риза болып, ұзағырақ қызықтады. Енді келесісіне өтіп еді, иығының, аяқ-қолдарының бұлшық еттері бұлт-бұлт етіп ойнақшып көрінгені. Жарғақбасқа ол да қызық болып, өз бейнесіне өзі сүйсініп қарай береді. Сөйтіп, келесісінен келесіне өтіп, айналардың алдынан шыға алмай қалады.


С этой книгой читают
«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.
Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылд
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып от
Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.
О том, что такое потеря доверия, что происходит, если ребенок дал слово и его не сдержал, лучше всего рассказывать на примерах. Последствия потери доверия часто отдалены во времени, и только в примере мы можем сделать «монтаж» и связать причину и следствие в виде четкой последовательности событий. И поскольку сказка – одна из лучших форм примера, то я приглашаю вас погрузиться в волшебный мир сказки, чтобы узнать, что такое доверие, как легко его
В одном городе, не таком уж большом, как вы могли бы себе представить, но и не слишком маленьком, как вы могли бы подумать, на самой его окраине жили два карапуза. В детский сад им ходить было вроде как уже поздно, а в школу – вроде как ещё рано. Так или иначе, но в детском саду они никогда не были, а в школу ходить вовсе и не собирались. Им завидовала вся детвора в округе и вообще все дети, кто хоть раз краем уха слышал про них. Потому что ЖИЛИ
Солнце спряталось за тучку, Дождь по крыше пробежал. Мы прочтём с тобою книжку, Чтобы дождик перестал. Пробежимся по страничкам, Прочитаем по слогам. И на лужицах водичка Испарится тут и там. nadja drebert
Вниманию Читателя предлагается сказка «Лишь два города на Земле…». Книга рекомендована взрослым и детям старшего возраста.
Начал писать довольно давно около 1999 года, прежде всего для себя, но буду рад, если мои творения придутся по душе кому-то еще. Почти все рассказы, в свое время, были выложены на моем личном сайте. Так как вести сайт ежедневно уже нет ни времени, ни желания, решил собрать все свои рассказы в несколько книг и выложить тут. Плох тот «писатель», который не мечтает о книге, даже пусть хотя бы не бумажной, а электронной. Рассказы довольно разные, но
Х. Абдуллаевнинг Мавлоно Завқий асари нихоятда қимматли тарихий воқеаларни ўзига акс эттириш билан биргаликда ҳалқимизнинг оташин шоири Убайдулла Завқийнинг ҳаёт йўли ва серқирра ижоди ҳақида хикоя қилади. Асарда Қўқон адабий мухити ва жуда кўплаб ўша давр шоирлари Нисбат, Мухайир, Мухйи, Муқимий, Фурқат, Хамза Хакимзодаларнинг ҳам ижоди ҳақида ноёб маълумотлар келтирилган. Ўша даврнинг ижтимоий – иқтисодий ҳаёти, ҳалқнинг аянчли қисмати жуда ишо
Все девочки хотят стать Принцессами, а я мечтала быть Тёмным Властелином. Что сказать? Мечты сбываются! Я попала в другой мир, обзавелась персональной Шизой, получила в наследство мрачный замок и кучку слуг-зомби. Но называться Тёмным Властелином и быть им – разные вещи! Так что мне теперь предстоит очень много работы… А ещё этот Светлый под ногами крутится!
Даже если вам немного за сорок, есть все шансы встретить ночью… вампира. Фаина жила в маленьком городке на границе Элизиума, она слышала о страшных событиях «Кровавой Луны», но думала, что это её не касается. Она ошибалась.Переродившись в вампира, Фая должна разобраться в сложных законах мира, где магические существа вышли из-под покрова ночи, а заодно и снять с себя обвинение в убийстве…